Қоғам

Астанада кезекте тұрғандарға 5%-бен 562 пәтер ұсынылады

Сурет: gov.kz

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар несиеге берілетін пәтерлерге өтініш бере алады. А91 көшесіндегі үйлерден барлығы 562 пәтер бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үйлер толық әрлеумен тапсырылады. Бір шаршы метрдің бағасы 332 916 теңге, несие жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,8%-ға дейін, бастапқы жарна 10%-дан басталады.

Өтініштер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн қабылданады. Қабылдаудың нақты басталу күні туралы қосымша хабарланады.

Баспана мәселесі – еліміздегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы жылдары мемлекет халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін жеңілдетілген бағдарламаларды іске қосып жатыр. Ипотекалық бағдарламалар саны көбейгенімен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Көп оқылғандар