Жайық news

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу қорытындысы тексерілуде

Сурет: Жайық Пресс

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексеруі басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексерудің негізгі мақсаты — әскери қызметшілердің дайындық деңгейі мен оқу бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау.

Тексеру барысында әскери қызметшілер дене, атыс, тактикалық және саптық дайындық нормативтерін орындап, теориялық білімдерін тексереді. Ерекше назар практикалық дағдыларға және жеке құрамның қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде алған білімдерін қолдану қабілетіне аударылады. Қорытынды тексеру қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның нәтижелері бойынша жазғы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жеке құрамның дайындық деңгейі айқындалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Көп оқылғандар