Жайық news

Оралдан алғашқы әскерге шақырылушылар Астанаға аттанды

Сурет: Пресс-служба регионального командования «Батыс»

Орал қаласындағы №5517 әскери бөлім аумағында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді әскери қызметке алғашқы топ әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Батыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Әскери қызметке шақырылған жас азаматтар медициналық куәландырудан, кәсіби-психологиялық іріктеуден және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рәсімдерден өтті. Тиісті іс-шаралардан кейін олар одан әрі қызмет ететін жері – Астана қаласындағы Ұлттық ұланның №5573 әскери бөліміне жол тартты.

Көптеген жігіттер үшін бұл күн өмірлеріндегі жаңа маңызды кезеңнің бастауы болды. Әскери қызмет оларға қажетті дағдыларды игеруге, тәртіпті, жауапкершілікті және жолдастық сезімді нығайтуға, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

«Бүгін біздің отбасы үшін ерекше әрі толқынысты күн. Ұлым әскери қызметке аттанып барады, әрине, ана ретінде мен ол үшін қатты уайымдаймын. Сонымен қатар, армиядағы қызмет – әрбір жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең екенін түсінемін», – дейді әскерге шақырылушының анасы Лейла Колбесенова.

Ата-аналар мен жақындары жас жігіттерді ақ тілектерімен шығарып салып, оларға қызметті абыроймен өтеуге, мықты денсаулыққа, төзімділікке және аман-есен оралуға тілектестік білдірді.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Ұлттық ұлан қатарына шақырылушыларды жіберу жалғасуда.

Көп оқылғандар