Әлем

Қазақстан әлемнің ең ықпалды 35 елінің қатарында

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан World Population Review ұйымының 2026 жылғы Most Powerful Countries рейтингінде 100 мемлекеттің ішінде 34-орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тізімде еліміз Біріккен Араб Әмірліктері, Норвегия, Сауд Арабиясы және Ираннан жоғары тұр.

Рейтинг мемлекеттердің экономикалық және саяси ықпалын, халықаралық одақтарын, көшбасшылық әлеуеті мен әскери мүмкіндіктерін ескереді.

Посткеңестік елдер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі орында. Ресей 11-орынға жайғасқан. Ал үздік үштікке Қытай, АҚШ және Үндістан енді.

Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады.

Көп оқылғандар