Басты тақырып

Бельгия королі мен патшайымы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сурет: tsn.ua

11-14 қазан аралығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздерде екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Көп оқылғандар