Жайық news

БҚО әкімі ТҚҚ өңдеу мәселелерін талқылады

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Түрегалиев «ARTMAN» ЖШС басшысы Олег Артемьевпен кездесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру және сұрыптау инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі қалдықтарды басқару жүйесін одан әрі дамыту, қажетті инфрақұрылым құру және ТҚҚ сұрыптау мен өңдеу саласына заманауи технологияларды енгізу жөнінде пікір алмасты.

«ARTMAN» ЖШС басшысы қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін жабдық шығаратын отандық компанияның өнімін таныстырып, оның шетелдік баламалармен салыстырғандағы артықшылықтары туралы айтты.

Облыс әкімі атап өткендей, өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату саласында бірқатар инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның айтуынша, бұл бағытты дамыту «жасыл экономика» қалыптастыру үшін маңызды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қалдықтарды басқару, сұрыптау және өңдеу саласында бірлескен жобаларды дайындау мен іске асыру үшін отандық компанияның өндірістік мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.

Көп оқылғандар