Сурет: istockphoto.com
АҚШ-тың Флорида және Алабама штаттарында «Исайяс» дауылының салдарынан 530 мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалды. Желдің екпіні сағатына 165 шақырымға жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті биліктің мәліметінше, дауыл ағаштар мен электр беру желілерін құлатып, энергетикалық жүйеге зақым келтірген. Луизиана мен Миссисипи штаттарында да жарық өшіп, бірнеше мың тұрғын электр қуатынсыз қалған.
Осыған байланысты АҚШ Энергетика министрлігі мұнай мен газ өндіруге, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін АҚШ-та электр энергетикасына байланысты төтенше жағдай жарияланғанын еске саламыз.
