Спорт

Михаил Кукушкин мансабын аяқтайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

38 жастағы қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин қазан айында Алатау баурайында өтетін «Almaty Open ATP 250» турнирінен кейін спорттық мансабын тоқтататынын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Волгоградта туған ол 2008 жылы Қазақстан азаматтығын алды. ATP турнирлерінде төрт рет финалға шығып, бір мәрте жеңімпаз атанды. ATP Challenger додаларында 16 рет жеңіске жетті. 2012 жылы Аустралия ашық чемпионатында, 2019 жылы Уимблдонның ширек финалында ойнады. 2019 жылы әлемнің 39-ракеткасы болды. 2020 жылы Australian Open жұптық разрядында жартылай финалға жетті.

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің ширек финалына алты рет шыққан, бұған Кукушкиннің қосқан үлесі зор. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында алтын медаль алды. Ол Станислас Вавринка, Томи Робредо, Давид Феррер, Гаэль Монфис, Марин Чилич, Хуан Мартин дель Потро, Хуан Монако, Григор Димитров, Фабио Фоньини, Андреас Сепи, Симоне Болелли, Томми Хаас, Янко Типсаревич, Виктор Троицки, Михаил Южный, Дмитрий Турсунов, Робин Хаасе сияқты атақты теннисшілерді жеңген.

Көп оқылғандар