Сурет: istockphoto.com
АҚШ Ресейден әлемдік нарыққа 300 мың тонна дизель отынын жеткізу туралы келісімнен кейін ресейлік отынға қатысты санкциялық шектеулерді уақытша жеңілдетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей қосымша отын жеткізуді де жоспарлап отыр. Алдымен 300 мың тоннадан астам дизель жөнелтіледі, қарашада тағы 500 мың тонна, одан кейін 1 млн тонна жеткізу көзделген. Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына қарай қысқа мерзімде қосымша 3 млн тонна отын жеткізу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.
АҚШ президенті Ресей басшысы Владимир Путинмен сәтті әңгімелескенін бұған дейін хабарлаған. Трамптың сөзінше, дизель жеткізілімінің артуы әлемдік нарықтағы отын бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
«Ормұз бұғазына толық бақылау орнатуымыздың және Ресейден энергетикалық ресурстар жеткізу туралы маңызды жаңалықтың арқасында АҚШ-та және бүкіл әлемде дизель бағасы рекордтық қарқынмен әрі тез төмендейді», деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, дизель бағасының төмендеуі фермерлер, мал шаруашылығымен айналысатындар және жүк көлігі жүргізушілері үшін маңызды. Отын бағасының өсуі ауыл шаруашылығына, үйді жылытуға және жүк тасымалына әсер етеді.
Еске салайық, жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетінің болашақта өз жұмысын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді.
