Қоғам

Астанада экспресс автобустар саны артады

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Елордада 16 қалалық бағыттағы автобустар саны 32 бірлікке көбейеді. Өзгерістер 10-12 қазаннан бастап енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

CTS компаниясының мәліметінше, 10 қазаннан бастап демалыс күндері №12, №37, №46, №50 және №64 бағыттардағы автобустар саны көбейеді. Ал 12 қазаннан бастап жұмыс күндері №3, №4, №5, №35, №36 және №63 бағыттарда автобус саны артады.

Сонымен қатар, күн сайын қатынайтын №502, №505, №506, №507 және №508 экспресс бағыттарына қосымша 10 автобус шығарылады.

«Бағыттардағы автобустар санын көбейту күту уақытын қысқартуға және сапарларды қолайлы етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті CTS.

Бұған дейін Астанада бірқатар автобус маршрутының қозғалыс бағыты өзгеретіні туралы жазылған болатын.

Көп оқылғандар