Сурет: istockphoto.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 450,79 теңгені құрады. Бір тәулікте ол 5,82 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдегі айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 447-448 теңгеден сатып алынып, 450-451 теңгеден сатылуда. Еуро 520-522 теңгеден сатып алынып, 526-530 теңгеден сатылуда. Ресей рублі 5,15-5,2 теңгеден сатып алынып, 5,23–5,29 теңгеден саудалануда.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте KASE сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 454,46 теңге еді.
