Басты тақырып

Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұхановты қабылдады

Сурет: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Президент ведомство жұмысының басым бағыттарын айқындап, министрлікке нақты міндеттер жүктеді.

Ол маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтауды, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытуды, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін көтеруді тапсырды.

Сонымен қатар өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуге ерекше көңіл бөлінді.

Президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді де тапсырды.

Көп оқылғандар