Сурет: Dreamstime.com
Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған кезекті шабуылдан 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ мәлімдеуінше, бұл оқиға Йемендегі хуситтер әуежайға соққы жасағанын хабарлағаннан кейін бірнеше күн өткен соң болды.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, келтірілген залал толық бағаланып, қауіпсіздік тексерісі аяқталғанша әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.
«The Wall Street Journal» басылымына сілтеме жасаған Сауд Арабиясының ресми өкілдерінің айтуынша, зымырандар үшінші және төртінші терминалдарға тиген. Әуежайға айтарлықтай зақым келіп, ғимарат шатырының бір бөлігі ішіндегі адамдардың үстіне құлаған.
AFP агенттігіне сұхбат берген дипломатиялық дереккөздің мәліметінше, әуежайға зымырандық соққыны Йемендегі хуситтер жасаған. Олар 8 қазанда әуежайға жасалған, салдарынан үш адам қаза тауып, ұшақ зақымданған бірнеше шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған.
Шілде айында Эр-Рияд қолдайтын Йемен үкіметімен ұзаққа созылған қақтығыстағы бітім бұзылғаннан кейін хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына, мұнай нысандарына және танкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасаған.
