Сурет: NTV телеарнасы
Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус пен эвакуатор соқтығысып, 11 адам қаза тапты. Тағы 27 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы Гебзе – Орхангази – Измир тасжолында болды. Бұл туралы NTV телеарнасы мәлімдеді.
Алдын ала деректерге сәйкес, Памуккале қаласына бара жатқан автобус артқа жылжымақ болған эвакуаторға артынан соғылған. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда.
Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілді.
