Әлем

Непалда сел: үйлер мен үш көпір қирап, 4 адам жоғалды

Сурет: Видеодан алынған кадр

The Kathmandu Post басылымының мәліметінше, Непалда сел жүріп, бірнеше үй мен үш көпір қираған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сел салдарынан 4 адам із-түзсіз жоғалған. Су ағыны гидроэлектр станциясының құрылыс алаңындағы жабдықтың бір бөлігін және құрылыс нысанын шайып кеткен.

Селдің нақты себебі әзірге белгісіз.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына сел қаупі туындаған жағдайда сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын тағы бір мәрте еске салды. Ведомство дауылды ескертулерді елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Көп оқылғандар