Басты тақырып

Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратында төрт жаңа тағайындау жасалды

Сурет: aqorda_resmi

Мемлекет басшысының шешімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бірнеше бөлімшесіне басшылық ететін мамандар айқындалып, олардың қызметтік өкілеттіктері белгіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Көп оқылғандар