Сурет: ашық дереккөзден
«Қайрат» футбол клубының ардагері, кеңестік кезеңнің атақты қақпашысы әрі отандық жаттықтырушы Александр Убыкин 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Александр Убыкин 1976–1987 жылдары «Қайрат» сапында ойнады. Осы уақыт аралығында КСРО чемпионаттарында 257 матч өткізіп, қазақстандық футбол тарихында айрықша орны бар тұлғалардың біріне айналды.
Ойыншылық мансабын аяқтаған соң ол жаттықтырушылық жолға түсіп, тәжірибесін өзі шыққан клубтың жас футболшыларына үйретті.
«Қайрат» клубы спортшының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Клуб өкілдері оның есімі команда тарихында және жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
