Сурет: ашық дереккөз
Канада үкіметі Америка Құрама Штаттарына дизель отынын жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Марк Карни өзінің ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің айтуынша, бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылданған.
«Біз АҚШ-қа мұнай мен дизель отынын экспорттауды барынша арттыруға күш салуды жалғастырамыз. Қазіргі уақытта дизель отынының жеткізілімі тәулігіне 1 миллион баррельден едәуір асады», делінген құжатта.
9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында мұнай өнімдерін жеткізу мәселелерін де талқылады. Ресей басшысының мәлімдеуінше, Мәскеу АҚШ және әлемдік нарықтарға мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге дайын екенін растаған.
Ресей вице-премьері Александр Новактың айтуынша, Ресей дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды жоспарланған мерзімнен бұрын алып тастауды бастады. Ресей тарапы қазан айында 300 мың тонна, қарашада 500 мың тонна, ал желтоқсанда 1 миллион тонна дизель отынын жеткізуге дайын. Болашақта жеткізу көлемін айына 3 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
АҚШ әкімшілігі Ресейдің дизель отынын әлемдік нарықтарға жеткізуіне қатысты санкциялық шектеулерді 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін алып тастап отыр.
Айта кетейік, мұнай тапшылығының алдын алу үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері резервтер құрады.
