Басты тақырып

Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды

Сурет: Aikyn.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары король мен патшайым мінген бортты мемлекет шекарасынан Астанаға дейін ілесіп ұшты.

Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр ұшу алаңында салтанатты қарсы алу рәсімін өткізді.

Көп оқылғандар