Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасы мен «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, алаңға қайта оралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы футболшы Англия Чемпионшип лигасының тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы матчта қосалқы құрамнан шығып, шамамен 20 минут ойнады. Ол 74-минутта Якоб Бруун Ларсеннің орнына алаңға кірді.
«Әлхамдулиллаһ, алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын!» — деп жазды Сәтпаев Instagram әлеуметтік желісіндегі сторисінде.
Сан бұлшықетіндегі жарақатына байланысты қазақстандық шабуылшы қыркүйек айының басынан бері алғаш рет ойынға қатысты.
Матч соңына қарай Сәтпаев Англиядағы алғашқы нәтижелі пасын беруге жақын еді. Алайда оның пасынан кейін Джейми Вардидің голы офсайдқа байланысты есепке алынбады.
«Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп, осы маусымдағы Чемпионшиптегі тұңғыш жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Никки Хайен жаттықтыратын команда сегіз тур қатарынан жеңіске жете алмаған болатын.
