Шартарап

Шакира Бішкекте концерт береді

Сурет: Getty Images

Әлемге әйгілі әнші Шакира 18 қазанда Бішкекте өнер көрсетеді. Бұл туралы Қырғызстан Президент Іс басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Концерт «Бішкек Аренада» өтеді. Аталған кеш әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік туры аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл Шакираның Орталық Азиядағы тұңғыш концерті болмақ.

Колумбиялық әншінің концертіне билеттер ресми түрде сатылымға шықты. VIP-аймақтағы орындар құны 120 000 сомға дейін (603 445 теңге) жетсе, алыстағы орындар 12 000 сомнан (60 мың теңге) басталады.

Айта кетейік, әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы концерттерінен кейін жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді. Өнер иесі Астана мен Алматыдағы екі кештің де ерекше өткенін атап өткен болатын.

Көп оқылғандар