Шартарап

Ақын Жанна Елеусіз 56 жасында дүниеден озды

Сурет: Aikyn.kz

Қазақ поэзиясының лирик ақыны әрі журналист Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жанна Елеусіз 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Ол қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасымен ерекшеленді. Әдеби ортада тұйық мінезімен танымал ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан «ақсүйек поэзия» деп жоғары бағаланған.

Көп оқылғандар