Қоғам

8 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Сурет: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 13 қазанға арналған ауа сапасы болжамын ұсынды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлау ықтималдығы бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 13 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Оралда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) бірлестігі.

Бұған дейін бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.

Көп оқылғандар