Сурет: Ерлан Омар/ Egemen.kz
2019 жылы ішкі туристердің саны 5,29 млн болса, 2025 жылы ол 8,66 млн адамға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, жеті жылда ел ішінде саяхаттаушылардың қатары 3,37 млн адамға өсті.
Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ішкі туристер санын 11 млн адамға жеткізу міндеті қойылған. Осыған орай туризмді дамытудың жаңартылған тұжырымдамасы аясында 6 бағыт бойынша 66 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін ашуға, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кадрлық әлеуетті күшейтуге және саяхатшыларды тартатын барлық нысандарда қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтарды айқындады.
