Сурет: volontery_lider.kz_almobl / instagram
«Lider.kz» еріктілері полициямен бірлесіп, Қарасай ауданында хабар-ошарсыз кеткен Жайна Аманқылышованы бір жылдан астам уақыт бойы іздеп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер бірнеше рет іздеу жұмыстарына шығып, түскен ақпараттың барлығын тексергенімен, әйел әлі күнге дейін табылмаған. Жоғалған әйел туралы ақпарат еріктілердің Instagram парақшасында жарияланды.
Аманқылышова Жайна Жеңгісбайқызы 1993 жылы туған. Ол 2025 жылғы 8 маусымда таңғы сағат 06:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Мекенжайы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 30-шағынаудан, Жаңақұрылыс.
Белгілері: бойы 175-178 сантиметр, арықша келген, шашы қара, ұзын әрі бұйра. Үстінде қара футболка мен ақ шалбар болған. Қолында киім-кешек салынған пакет және ұялы телефоны болған.
«Бірнеше секунд аялдап, осы әйелдің жүзіне мұқият қараңыз. Біз бір нәрсені анық білеміз: ешбір жарияланымның маңызы бар. Ақпарат біртіндеп жиналады – біреу есіне түсіреді, біреу көрген, енді біреу таныған болуы мүмкін. Егер жоғалған әйелдің қайда екенін білсеңіз немесе оны кез келген жерден көрген болсаңыз, бізбен +7-701-375-9291, +7-705-105-3131 нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз. Сондай-ақ бізге Direct арқылы жазуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады», делінген еріктілер жарияланымында.
Айта кетейік, Павлодар облысында жоғалған қыз дронның көмегімен табылды. Ал Ертіс өзенінде жоғалған 47 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
