Басты тақырып

Тоқаев Бакуде АӨСШК 7-саммитіне қатысуда

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президентті әуежайда Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.

Бұған дейін Бакудегі саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездескені хабарланған болатын. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқаны аталып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Көп оқылғандар