Басты тақырып

Пәкістанда мектеп төбесі опырылып, 17 оқушы қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

Пәкістанның Пешавар қаласындағы Дир-Колони ауданында жекеменшік мектеп ғимаратының төбесі опырылып, 17 оқушы көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Express Tribune басылымының мәліметінше, қаза тапқандар арасында мұғалім де бар. Сонымен қатар 30-дан астам зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Аурухана өкілінің айтуынша, қаза тапқан оқушылардың көбісі 13 жаста болған. Оқиғаға байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бұған дейін Конгода мектеп өртеніп, 26 оқушы көз жұмған еді. Сондай-ақ Угандада мектеп автобусы жол апатына ұшырап, 20 оқушы қаза тапты.

Көп оқылғандар