Жайық news

БҚО мәслихаты депутаттығына кандидат Абзал НАСИОЛЛА: «Ашық, әділетті және тең мүмкіндіктер қоғамын бірге жасаймыз!»

Қадірлі Орал шаһарының тұрғындары, соның ішінде қаланың ең ірі, ең байырғы шағын аудандарының бірі — Қонаев жақта тұратын ағайындар!

Осы аймақтағы №12 сайлау округінен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде белгілі ел азаматы Абзал Насиоллаұлы Насиолла тіркелгенін көріп-біліп жатырмыз.

«Әділет» саяси партиясынан сайлауға түскен Абзал бауырымыз «Жақсылық жасасаң, жасырып жаса» деген қағиданы қатаң ұстанатын кәсіпкер. Оның қайырымды істерін өзі жарнамаламағанымен, халық өзі жақсы біліп, ел арасында, жиын-отырыстарды жиі-жиі айтып жүр. Абзал — өнер мен спорттың шын жанашыры.

«Туған жерге туыңды тік» демекші, туған жеріне жасаған жақсылығының бір парасы қандай десек, «Мектепке жол» акциясына үнемі қолдау көрсететіндігін, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әрдайым қолұшын созатындығын, өз қаржысына емдеу мекемесі — меддпункт (ФАП) салып бергенін, балаларға ойын және футбол алаңдарын сыйға тартқанын атасақ та жеткілікті.

Бұл оның депутат емес, қарапайым азамат ретінде атқарған игі істері. Ал, Сіздер сенім білдіріп, халық қалаулысы атанып жатса, ол тұрғындардың аманатын орындау үшін уақытын да, күш-жігері мен білімін де аямайтындығына күмән жоқ.

Қазақта «Ердің жақсысы — елін ойлаған» деген жақсы сөз бар. Ерте жасынан еңбекке араласып, адал жолмен табысқа жеткен Абзал Насиоллаұлы өзіне жүктелген міндетке үлкен жауапкершілікпен қарайды деп білеміз. Сондықтан шаһардағы №12 сайлау округінің тұрғындарын 29 қарашадағы сайлауда Насиолла Абзал Насиоллаұлының кандидатурасын қолдап, дауыс беруге шақырамыз!

  

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

 

Мен, Насиолла Абзал Насиоллаұлы, №12 сайлау округі бойынша Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына «Әділет» саяси партиясынан ұсынылған кандидатпын.

1980 жылы 1 қыркүйекте БҚО Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келдім. Бірік мектебін, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжін және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірдім.

Еңбек жолымды 2000 жылы Орал қаласының темір-бетон зауытында бастадым. 2009 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып, «Жаңа Орда Құрылыс» және «А-Z STROY» ЖШС-терінің негізін қаладым. Отбасылымын, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмыз.

Бауырларыммен бірге Әжібай ауылында фельдшерлік пункт, балалар ойын және футбол алаңдарын салуға, Сазанды елді мекеніндегі зиратты қоршауға үлес қостым.

МЕНІҢ МАҚСАТЫМ

Сайлауалды бағдарламама сай, округ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға: қолжетімді әлеуметтік қызметтерге, қауіпсіз жолдарға, инфрақұрылымға, білім мен медицинаға, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етемін.

«Ашық, әділетті және тең мүмкіндіктер қоғамын бірге жасаймыз!»

2026 – 2031: НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

1.БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Әділеттілік, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс – қызметімнің негізі.

2.ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Қауіпсіз көше мен жарық аула, 2027 – 2028 жылдары полицияның жедел басқару орталығына қосылған 3,1 мың камера орнату жоспарланған.

3.САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Қолжетімді медициналық көмекті қолдау. Оралда 550 төсектік аурухана, перинаталдық орталық және бес медициналық нысан салу көзделген.

4.БІЛІМ ЖӘНЕ БАЛАЛАР

9 мектеп салу, 16 мектеп пен 13 мектепке дейінгі мекемені жөндеу жоспарланған. Балалар және спорт алаңдарын қолдау.

5.ЖОЛДАР МЕН ЖЕЛІЛЕР

Жолдар мен коммуникацияларды жөндеу, 2031 жылға қарай нормативтік жолдарды 77,5 пайызға жеткізу, желілер тозуын 53,5 пайызға түсіру жоспарланған.

БАҒДАРЛАМА БАСЫМДЫҚТАРЫ

6.ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ

Кезекте тұрған азаматтардың баспанаға қол жеткізуіне ықпал ету. Оралда 2 055,2 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған.

7.ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Кәсіпкерлер мен жаңа жұмыс орындарын қолдау. 2031 жылға дейін субсиядиялар мен гранттарға 14,6 млрд теңге көзделген.

8.ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Көпбалалы отбасыларға, қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту.

 9.ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

«Жайық жастары» бағдарламасын жалғастыру, еріктілікті және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын қолдау.

10.ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Көркейту және экология. 2031 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланған.

Сіздердің пікірлеріңіз – бағдарламамның негізі. Сенімдеріңіз – маған жауапкершілік!

 (Материалдың жариялану ақысы кандидаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді)

Көп оқылғандар