Сурет: magnific.com
«Қазгидромет» синоптиктері 20 қарашадағы ауа сапасына болжам жасады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
«23 қарашада Алматы және Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Атырау қаласында түнде атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Риддер қалаларында ауа сапасы ластанды.
Бұған дейін Үндістанның астанасы Дели ауаның ластану деңгейі бойынша Пәкістанның Лахор қаласынан озып, әлемдегі ірі қалалар арасында бірінші орынға шыққаны хабарланған еді.
Мазмұнға өту
