Сурет: Ұлттық деректер орталығы
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығы хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Орталықтың жедел мәліметінше, жер сілкінісі 22 қарашада Астана уақытымен сағат 07:15-те (Гринвич уақытымен 02:15) болған. Эпицентр Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан. Магнитудасы 5,2, энергетикалық класы 12,3. Ошақ 14 шақырым тереңдікте жатыр.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан. Магнитудасы 5,2, энергетикалық класы 12,3 болды. Жер асты дүмпуінің ошағы 14 шақырым тереңдікте орналасқан», делінген хабарламада.
Жедел ақпаратта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ештеңе айтылмаған.
Бұған дейін, 21 қарашада Қытайда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған. Оның эпицентрі 65 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Еске салайық, 29 қазанға қараған түні Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ал 28 қыркүйекте Алматыда жер сілкінісі тіркелген болатын.
Мазмұнға өту
