Сурет: Ұлттық банк
Ұлттық банк 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау кестесін бекітті. Жоспарға сәйкес, келесі жылы бұл мәселе бойынша сегіз шешім шығарылады, оның төртеуі болжамды раундтардың қорытындысы негізінде қабылданады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің мәліметінше, базалық мөлшерлеме туралы шешімдер белгіленген күндері Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдердің нақты күндері көрсетілген.
Базалық мөлшерлеме – елдегі ақша құнына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің бірі. Әдетте мөлшерлеме өскенде несие қымбаттап, депозиттердің кірістілігі артуы мүмкін, ал төмендегенде бұл үрдіс кері бағытта өзгереді.
2026 жылы базалық мөлшерлеме төрт рет өзгергенін атап өткен жөн. Қазан айындағы соңғы өзгеріс бойынша көрсеткіш 16,25%-дан 15,75%-ға төмендеді. Ұлттық банктің кезекті шешімі 2026 жылғы 4 желтоқсанда жарияланады.
Мазмұнға өту
