Сурет: AstanaTV
Германияның Бад-Дюркхайм қаласында 23 қарашаға қараған түні 45 жастағы ер адам үйінде жанжал шығарып, айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген үш полицей ер адамды ұстау барысында жеңіл жарақат алды. Ал ұсталған азамат зардап шекпеді.
Полиция өкілдері ер адамның психологиялық дағдарыс жағдайында болуы мүмкін деп болжап, оны мамандандырылған клиникаға жеткізді.
Мазмұнға өту
