Сурет: Shafaq News
Хуситтер Йеменнің оңтүстігіндегі Лахдж провинциясындағы Әл-Макатра қамалына шабуыл жасады. Шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де (Астана уақытымен 04:00-де) басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Al Jazeera мәліметінше, қақтығыс кезінде ауыр және орташа қарулар, артиллерия, сондай-ақ авиация қолданылуда. Бейсенбі күні кешке хуситтер қамал үстіне барлаушы ұшқышсыз аппарат жіберген. Ондағы үкімет күштері дронды түсіруге әрекеттенді. Шабуыл таңертеңгілік уақытта басталды.
Еске салайық, қазан айында Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға тағы да шабуыл жасады.
Айта кетейік, шілде айында Йемен үкіметімен бітім бұзылғаннан кейін хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына, мұнай нысандарына және танкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болатын. 10-11 қазанда кезекті шабуылдан Король Халид атындағы халықаралық әуежайда 13 адам қаза тауып, 320 адам жарақат алды.
Мазмұнға өту
