Сурет: ашық дереккөзден
Toyota компаниясы орындықтардағы ақауға байланысты АҚШ-та 228 мыңнан астам гибридті Sienna минивэнін кері қайтару науқанын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл науқан 2022–2026 жылдары шығарылған көліктерге қатысты. АҚШ Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасының мәліметінше, кейбір көліктерде соқтығыс кезінде орындықтың арқалығы бекітілген орнынан шығып кетуі мүмкін, бұл жолаушылардың жарақат алу қаупін туғызады.
Компания көлік иелеріне бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңартуды ұсынады. Ал кейбір жабдықталуы басқа көліктердің орындық арқалықтарын ауыстыру қарастырылған.
Айта кетейік, Sienna моделінің орындықтарға қатысты ақауларға байланысты кері қайтарылуы алғаш рет емес. Өткен жылы компания үшінші қатардағы орындықтардың бекіткіштері жеткілікті дәрежеде тартылмағандықтан, шамамен 168 мың минивэнді кері қайтарған болатын.
Мазмұнға өту
