Сурет: BILD
Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында Джоди деген атпен белгілі нанотиранн қаңқасы 47,3 миллион долларға сатылды. Бұл бастапқы бағалаудан төрт еседен астам жоғары, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сауда шамамен 12 минутқа созылып, алты үміткер баға ұсынды. Соңында екі сатып алушы телефон арқылы бәсекелесіп, жеңімпаздың есімі жарияланбады.
Қаңқаның бастапқы құны 6-9 миллион доллар деп бағаланған. Сатушы – неміс кинопродюсері әрі кәсіпкер Кристиан Ангермайер.
Джоди туралы қызықты деректер:
- Қаңқаның жасы шамамен 67 миллион жыл.
- Ол 191-ге жуық қазба сүйектен тұрады, бас сүйегі түгелге жуық сақталған.
- Ғылымға нанотираннның небәрі үш қаңқасы белгілі.
- Бұл жыртқыш тираннозавр рекспен бір кезеңде өмір сүрген, бірақ ересек T. rex-тен шамамен екі есе қысқа болған.
- Бұған дейін ғалымдар нанотираннды жас тираннозавр деп санаған. Алайда өткен жылы жарияланған зерттеу оның динозаврлардың жеке бір туысына жататынын растаған.
Осы сатылымнан кейін Джоди аукционда сатылған ең қымбат динозавр қаңқалары арасында екінші орынға шықты. Бірінші орында Гас лақап аты бар тираннозаврдың қаңқасы тұр: ол шілде айында 50,13 миллион долларға сатылған.
Айта кетейік, Италияның солтүстігіндегі Стелвио ұлттық саябағы аумағынан мыңдаған динозавр ізі табылды.
Мазмұнға өту
