Сурет: Anadolu
Ормуз бұғазында жалпы сыйымдылығы 4,5 миллион баррельден асатын екі мұнай супертанкері теңіз миналарына соғылып, жарылыс болды. Оқиға таңертеңгі уақытта бұғаздың оңтүстік бөлігінде орын алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Anadoly агенттігінің мәліметінше, кемелер «рұқсат етілмеген» бағытпен жүзіп бара жатқанда миналарға тап болған. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының хабарлауынша, жарылыстан кейін экипаждар кемелерді тастап кеткен.
Салдарынан танкерлердің машина бөлімдері қатты зақымданып, олар өздігінен қозғалу мүмкіндігінен айырылған. Зақымданған кемелердің кадрлары Иранның мемлекеттік телеарнасында көрсетілген.
Бұған дейін 17 қазанда Ормуз бұғазы маңында мұнай танкері минаға ұрынғаны туралы хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
