Басты тақырып

«Орал – Маңғыстау» пойызы жаңа вагондармен жаңартылды

Сурет: ҚТЖ (архив)

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жолаушылар вагондарының паркі жаңартылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал – Маңғыстау» пойызының құрамын отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа вагондармен толықтырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған пойыз 7 вагоннан тұрады: 5 купе және 2 плацкарт вагоны. Ол 280 жолаушыға арналған.

«Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар кондиционерлеу жүйелерімен, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған USB қосқыштарымен, электр розеткаларымен, заманауи жарықтандыру жүйелерімен және санитариялық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

Пойыз билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Қазан айында пойыз билеттерінің бағасы 7,3%-ға төмендеді. Бұған ұлттық тасымалдаушының бірнеше жеңілдік бағдарламасы әсер етті.

Еске салайық, Қазақстандағы ең ұзақ теміржол бағыты саналатын «Маңғыстау – Семей» пойызына отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа вагондар қосылды. Батыс өңіріне барлығы 70-тен астам жаңа вагон жеткізілді.

Айта кетейік, 11 қарашада «Нұрлы жол» вокзалынан Қазақстанда швейцариялық компания технологиясы бойынша шығарылған Stadler вагондарынан құрылған алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты.

Көп оқылғандар