Спорт

Азия ойындары: Данилина мен Путинцева қола медаль алды

Сурет: ҰОК

Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында теннистен әйелдер жұптық сынында Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда қазақстандық жұп Тайбэй спортшылары Лян Эньшо мен Се Шувэймен кездесті. Тартысты өткен ойын тай-брейкке жалғасып, қарсыластар басым түсті: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).

Осылайша, Данилина мен Путинцева жарысты қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Көп оқылғандар