Сурет: ҰОК
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында велошабандоз Рината Сұлтанова омниум бағдарламасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы төрт жарыстың қорытындысы бойынша екінші орынға ие болып, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде салды. Бұл – спортшының биылғы Азия ойындарындағы екінші медалі.
Айта кетейік, Рината Сұлтанова бұған дейін Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлаған болатын. Омниум бағдарламасында жарыс қожайыны, жапониялық Юми Каджихара топ жарды.
