Спорт

Тамирлан Тілеулес Азия ойындарында таеквондодан алтын алды

Сурет: ҰОК

Таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол таеквондодан қазақтан шыққан тұңғыш Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тамирлан Тілеулес финалда Курт Брайан Барбозамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Осыған дейін Қазақстанның үш таеквондошысы Азия ойындарының финалына дейін жетіп, күміс жүлде алған еді. Олар – Феруза Ергешова, Нұрсұлтан Мамаев пен Жансель Дениз.

Спортшы жарысты Оман өкілін жеңуден бастады. Ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандиден басым түссе, жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсикті 2:1 есебімен ұтты.

Еске салайық, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта боксшы Төрехан Сабырхан Азиада чемпионы атанды. Сондай-ақ Айбек Оралбай ел қоржынына Азия ойындарының алтынын салды.

Көп оқылғандар