Сурет: Никита Басов
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
63 келі салмақтағы Мариан Журавлева қола медаль үшін Иордания спортшысы Майя Ишакатпен белдесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін джиу-джитсуден Мерей Қабдуллаев (85 келі) мен Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде, ал Сейілхан Болатбек (77 келі) мен Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде алған болатын.
