Әлем

АҚШ Кариб теңізінде Кубаға бара жатқан кемені ұстады

Сурет: istockphoto.com

АҚШ жағалау күзеті Кариб теңізінде Кубаға жанармай тасымалдады деген күдікпен Grace жүк кемесін ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұзындығы шамамен 91 метр болатын кеме 5 қыркүйекте Куба мен Мексика арасындағы теңіз айдынында тоқтатылған. АҚШ билігінің мәліметінше, кеме өзінің орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін «көлеңкелі флот» тәсілдерін қолданған деген күдікке ілінген.

Кемеде болған жанармайдың нақты көлемі және операцияның басқа да мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін АҚШ билігі Кубаға шамамен 210 мың галлон жанармай тасымалдаған Jaira Provider кемесін де ұстаған.

Көп оқылғандар