Сурет: ашық дереккөз
Қазақстан қыркүйекте мұнай өндіруді тамызбен салыстырғанда тәулігіне 10 мың баррельге көбейтті. ОПЕК+ елдері қазан айында өндіріс көлемін қыркүйек пен қазан деңгейінде ұстайтын болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұйым сайтының дерегінше, 2023 жылдың сәуірі мен қарашасында өндірісті ерікті түрде қосымша қысқартуға келіскен ОПЕК+ жеті елі – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман 4 қазанда әлемдік мұнай нарығының ахуалы мен келешегін талқылау үшін онлайн кездесу өткізді.
«Қатысушы жеті ел 2026 жылғы қыркүйек жоспарын орындау үшін қажетті мұнай өндіру көлемін 2026 жылғы қараша деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Жеті ел Ынтымақтастық туралы декларация талаптарын толық орындауға деген ортақ міндеттемесін растады», делінген хабарламада.
ОПЕК+ жеті елі нарықтағы жағдайды талдау мақсатында ай сайын кездесіп отырады. Келесі жиын 1 қарашада өтеді.
Айта кетейік, ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамызда мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келіскенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ 6 қыркүйекте Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдері онлайн форматта бас қосып, әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылаған.
