Сурет: ашық дереккөзден
Алматылық Асылым Өтепберген «Қазақ аруы – 2026» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Тікелей эфир барысында оған 17 164 адам дауыс берген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екінші орынды 10 480 дауыспен Қостанай қаласының өкілі Әйгерім Қайпен иеленді. Үшінші орынды 4 499 дауыс жинаған шымкенттік Сымбат Әбубәкір еншіледі.
20 жастағы жеңімпаз Алматы қаласында дүниеге келген және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жатыр. Ол жеке блог жүргізіп, әлеуметтік желілерде белсенді. Instagram парақшасына 30 мыңнан астам адам жазылған.
Байқау жеңімпазына басты жүлде ретінде дизайнер Аида Кауменованың сән үйінен арнайы шапан және шетелге саяхат жолдамасы табысталды.
Айта кетейік, биылғы «Мисс әлем» халықаралық сұлулық байқауының 75-финалында Доминикан Республикасының өкілі Джохейри Мола Домингес бас жүлдені жеңіп алған болатын. «Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты.
Мазмұнға өту
