Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан Израильге 200 мыңнан 500 мың тоннаға дейін азық-түлік бидайын және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкіндігін қарастыруға әзір, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселе Иерусалимде өткен Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының оныншы отырысында көтерілді. «Продкорпорация» израильдік нарықтың сұранысын ескеріп, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу перспективасын талқылауға дайын екенін компания басқармасы төрағасының орынбасары Самат Теңбаев білдірді.
Басты кедергі – логистика. Қазақстан тарапы израильдік серіктестерге бірнеше бағыт ұсынды: Әзербайжан мен Грузия арқылы өтетін көлік дәлізі және Балтық теңізі порттары арқылы тасымалдау. Жеткізу бағыты тасымалдау құнына, мерзіміне және коммерциялық шарттарға қарай таңдалады.
Айта кетейік, Қазақстан қыркүйек–қазан айларында шетелге 2 млн 262 мың тонна астық жөнелтті. Бұл өткен маусымның есепті кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп: былтыр сол уақытта экспорт 2 млн 219 мың тонна болған. 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңделген АӨК өнімдерінің экспорты 3,04 млрд долларды құрады.
Мазмұнға өту
