Спорт

Медведев Пекинде көрерменді жарақаттап, турнирден шеттетілді

Сурет: championat.com

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Пекиндегі China Open турнирінің жартылай финалында сербиялық Новак Джоковичпен ойнаған кезде көрерменді жарақаттап, матчтан шеттетілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғадан кейін оған техникалық жеңіліс берілді. Медведев болған жағдайдың кездейсоқтығын айтып, зардап шеккен көрерменнің жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

«Ең бастысы, оның жағдайы жақсы болса екен деп үміттенемін. Онымен кездесіп, болған жағдай үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жүз пайыз кездейсоқ болды. Мен допты ашумен ұрған жоқпын. Доп кері серпіліп жатқандықтан, оны корттан шығып кетпейтіндей етіп қайтаруға тырыстым», деді ол.

Новак Джокович қарсыласына қолдау білдіріп, мұндай жағдайға өзі 2020 жылғы US Open турнирінде тап болғанын айтты. Дисквалификациядан кейін Медведев жартылай финал үшін берілетін 200 рейтингтік ұпай мен 219 925 доллар жүлдеден қағылды.

Ал Джокович Пекиндегі турнирде 33-ші жеңісіне жетіп, финалға жолдама алды. Сербиялық теннисші шешуші кездесуде әлемнің тоғызыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минормен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтап, III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Көп оқылғандар