Жайық news

БҚО-да қызылшамен ауырғандар саны 16,83 есе өсті

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың тоғыз айында 303 адамнан қызылша анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарушы Мира Кауымбаеваның мәліметінше, өңірде қызылша жұқтырғандар саны айтарлықтай артқан. Өткен жылдың осы кезеңінде облыста 18 жағдай тіркелген, яғни сырқаттанушылық көрсеткіші 16,83 есеге өскен.

— Сложившаяся ситуация указывает на необходимость пресечения распространения кори и усиления профилактических мер. Корь — это крайне заразное вирусное инфекционное заболевание, передающееся воздушно-капельным путем. Хотя болезнь чаще всего встречается у детей, заразиться могут и взрослые, не получившие прививку. Инфекция способна привести к тяжелым осложнениям, включая пневмонию, отит и поражения головного мозга, — подчеркнула М. Кауымбаева.

Спикердің айтуынша, қызылшаның негізгі белгілері — дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, мұрынның бітуі, жөтел, көздің қызаруы және жарыққа қарай алмау. Сонымен қатар ауыз қуысының кілегей қабығында ақшыл дақтар пайда болып, бөртпе беттен басталып, бүкіл денеге таралады.

Аурудың алғашқы белгілері байқалса, өз бетінше емделуге болмайды. Дәрігерге дереу жүгіну қажет, ал емханаға барар алдында дәрігермен телефон арқылы хабарласқан жөн. Бұл айналадағы адамдардың жұқтыру қаупін азайтады.

Маманның нақтылауынша, қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация балаларға 12 айлығында және 6 жасында жүргізіледі. Егер бала қандай да бір себеппен егуді өткізіп алса, ата-анасы тіркелген емханаға жүгініп, иммундау мәселесін шешуі қажет.

— Вместе с тем для профилактики заболевания важно обеспечивать своевременное получение детьми плановых прививок и регулярно проверять их прививочный статус. Кроме того, следует ограничить контакты с заболевшими людьми, соблюдать правила личной гигиены в общественных местах, а также часто проветривать помещения и делать влажную уборку. Напоминаем родителям, что не стоит откладывать вакцинацию детей, — добавила М. Кауымбаева.

Көп оқылғандар