Қоғам

Жедел жәрдем қозғалысын геолокация арқылы бақылау мүмкіндігі пайда болды

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

13 қазаннан бастап елімізде жедел жәрдем қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға бекітілген соң пациентке автоматты хабарлама жіберіледі. Шақыртушы көліктің қай жерде екенін және оның шақырту орнына қарай жылжуын нақты уақыт режимінде көре алады.

Бұған қоса, жедел жәрдем бригадалары аудио-бейнежазба жасайтын бейнетіркегіштермен, рациялармен және мобильді камералармен жарақтандырылады.

Бұрын елімізде 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы смарт-бейнежетондармен жабдықталған болатын.

Көп оқылғандар