Қаржы

Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа шығыс 358 584 теңге, яғни ай сайын 119 528 теңге болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, тұтыну шығындарының 55,6 пайызы азық-түлікке кетеді. Тоқсандық есепте бұл көрсеткіш 180 969 теңгені құрайды.

Азық-түлік шығындарының басым бөлігі ет өнімдеріне — 17,8 пайыз. Жарма мен дәнді дақылдарға 7,5 пайыз, сүт өнімдеріне 6,8 пайыз, жемістерге 4,7 пайыз жұмсалады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерге табыстың 40,2 пайызы, қарыз өтеуге 7,3 пайызы бағытталады.

Қызмет түрлері арасында коммуналдық қызметтерге ең көп — 5,8 пайыз шығындалса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде киім мен аяқ киімге 6,3 пайыз кетеді.

Ойын-сауыққа жалпы шығынның 1,6 пайызы, мейрамханаларға 3,1 пайызы жұмсалады.

Көп оқылғандар