Басты тақырып

Астанада 15-қабаттан құлаған әйел екі жасар баланың үстіне түсіп, екеуі де қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

Астанада 27 жастағы әйел 15-қабаттан құлап, ауладағы арбада отырған екі жасар баланы басып қалды. Оқиға салдарынан екеуі де көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған. Ол екі жасар бала отырған арбаға түскен. Алған жарақаттары салдарынан бала да, әйел де көз жұмды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жуырда елордада мұнара краны құлап, бір адам қайғылы оқиғаның құрбаны болған еді.

Көп оқылғандар